СaspianLife, 25 мамыр — бүгін елордада Қазақстан Кубогы-2021 топтық кезеңінің жеребесі тартылды. Ел кубогы алғаш рет жаңа форматта өтетін болады.
Топтық кезеңге он алты клуб қатысады. Кубок кезеңінде премьер-лигада ойнайтын он төрт командаға бірінші лиганың екі клубы қосылды. Олар — №8 ОРМБЖСМ және «Мақтаарал». Әр команда алты матч өткізеді. Келесі кезеңге өз топтарында бірінші және екінші орын алған сегіз команда шығады. Топтық кезеңнің ойындары 10 шілде мен 15 тамыз аралығында өтеді. Жеребе тастау қорытындысы бойынша «Атырау» футбол клубы «Тобыл», «Тараз» және «Мақтаарал» командаларымен бірге «B» тобына түсті.
Фото: Рахим Қойлыбаев