CaspianLife, 5 мамыр — Володар ауданында жасанды арналардың бірінде ұзындығы 320 метр және ені 5 метрге дейін жететін аумақты өлі балықтар басқан.
Бұл туралы жергілікті «Астрахань-24» арнасы хабарлады. Мамандардың айтуынша, тұщы су балықтарының шамамен 284 800 данасы тұншығып, адами әрекеттер нәтижесінде пайда болған тұзақтан шыға алмаған.
Жергілікті тұрғындардың айтуынша, бірнеше күн бұрын белгісіз адамдар ағынды су қоймасы мен дренажды бөліп тұрған суаралық металлды ұрлап кеткен. Нәтижесінде, Зеленгин массивінің шұңқырындағы балықтар каналға кіріп одан шыға алмаған. Өйткені арнада ағаштан жасалған бітеуіш болған. Арнадағы судың тереңдігі 20-дан 40 см-ге дейін болғандықтан, ол 25-27 °C дейін қызыпты.
«Балықта асфиксия белгілері анық байқалады. Болжам бойынша, балық бірнеше күн бұрын өлген. Оқиғаға қатысты қызметтер әкімшілік тергеуді бастады», — делінген»Астрахань 24″ телеарнасының хабарламасында.
Фото: Астрахан облысы губернаторы әкімшілігінің баспасөз қызметі және ақпарат басқармасынан