Telegram мессенджертыны туралы ескертуде. Мұндай шаралар ағымдағы жылдың соңында қабылдана бастайды екен. Бұл фейк. Бұл туралы ҚазАқпарат stopfake.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мәжбүрлі вакцинация және одан бас тартқаны үшін айыппұлдар салынатыны туралы ақпаратты жоққа шығарды. « Бізде мәжбүрлі вакцинация жоқ және болмайды да. Біз бұл туралы бірнеше рет айттық. Мұндай хабарламалар – жалған ақпарат болып табылады « , – деп хабарлады ведомстводан.
Екпеден бас тартқаны немесе вакцина алуға мәжбүрлегені үшін айыппұл салу ҚР заңнамасына қайшы келеді. «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Кодекстің» 77-бабына сәйкес Қазақстанның әрбір азаматы «емделуге және басқа да медициналық араласуларды, оның ішінде профилактикалық екпелерді жүргізуге хабардар етілген келісім беруге немесе олардан бас тартуға» құқылы.