Атырау, Caspian Life. Облыста 11 мұғалім мен 116 оқушы коронавирус инфекциясын жұқтырған. Ауру студенттердің арасында да өршіп тұр.
Білім беру ұйымдары вирустың ошағына айнала бастауы себепті 1-5 сынып аралығындағы оқушылар енді сабақты онлайн оқиды. 9 бен 11 класстар аралас оқу форматында білім ала береді. Колледждер мен ЖОО-ның бірінші курс студенттері қашықтан оқиды. Бұл облыстың бас санитар дәрігерінің қаулысындағы жаңа өзгерістер. Қаулыға сәйкес, жексенбі күні қоғамдық көліктер жүрмейді, шаштараздар, сұлулық салондары,косметологиялық қызмет көрсететін және діни нысандар жұмыс жасамайды.
Сонымен қатар, әуежай мен теміржол вокзалына жолаушылардан өзге ешкім кіргізілмейді. Қаулы 17 сәуірден бастап күшіне енеді.Карантиндік талаптарды күшейтуге бірден бір себеп соңғы апталарда ауру жұқтырғандар санының көбеюі, дейді Атырау облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің орынбасары Гүлназ Ирбатырова.