Қытайдың денсаулық сақтау саласындағы жоғары лауазымды тұлғалар коронавирусқа қарсы қытайлық вакцинаның тиімділігі төмен екенін мойындады. Үкімет екпенің тиімділігін арттыру жолдарын қарастырып жатыр.
Ауруды бақылау жөніндегі орталықтың директоры Гао Фу 10 сәуір күнгі баспасөз жиынында «қазір қолда бар вакцинаның тиімділігі жоғары емес, үкімет осы мәселені шешу жағын қарастырып жатыр» деп мәлімдеді.
«Иммунизацияға өзге өндіріс линиясынан әртүрлі вакцинаны қолдануымыз қажет пе, жоқ па, осы мәселені ресми түрде қарастырып жатырмыз» деді Гао.