Жергілікті шаруалар мал азығын өздері егіп, өсіруге бет бұрды.
Биыл облыс бойынша тұқым себілетін 9523 гектар алқаптың басым бөлігі екпе шөптерге берілетін болады. Жалпы осы жылы мұнайлы өңір диқандары 2100 гектар жерге картоп, 2700 гектарға көкөніс егуді жоспарлапты.
Дегенмен, соңғы 4 жыл қатарынан келген құрғақшылық өңірдің егіс саласына өзгеріс әкелді. Енді шаруалар мал азығын егуді қолға алатын болады. Биыл қыр төскейіне 390 ауылшаруашылығы құрылымы шықты. Климаттық ерекшелікке байланысты ылғалды үнемдеу мақсатында барлық егістік тамшылатып және жаңбырлатып суару технологиясына негізделген.
Биыл осы әдіспен егілетін алқап көлемі тағы 770 гектарға артатын болады. Сондай-ақ, егіске кеткен шығынды субсидиялауға мемлекеттен 262 млн теңге қаралып отыр.