1 сәуір күні республика бойынша көлік салығын төлеу мерзімі аяқталады.
Атырауда ресми түрде 80 мыңға жуық темір тұлпар тіркелген. Ал олардан бюджетке бас-аяғы 1 млрд 400 млн теңгеге жуық қаражат түсуі қажет. Бүгінде осы соманың тек 1млрд теңгесы қазынаға құйылыпты. Бұл әрбір 5-ші жүргізуші көлік салығын төлемеген деген сөз.
Автокөлік иелеріне ыңғайлы болу үшін барлық төлем жүйесі автоматтандырылған. Салық төлеуші мүлік, көлік салығын және салық бойынша берешегінің бар-жоғын «e Salyq Azamat» қосымшасы арқылы біле алады. Ол үшін қосымшаны смартфонға жүктесе болғаны.
Салықшылардың айтуынша, 6000-ға жуық жүрргізуші екі жылдан бері көлік салығын төлемеген, олардың жалпы қарызы 230 миллион теңге шамасында.