«Атырау облысының халқы арасында коронавирус инфекциясы ауруларының алдын алу жөніндегі карантин шараларын күшейту туралы»
Халық арасында COVID-19 коронавирустық инфекциясы таралуының алдын алу мақсатында Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 9, 36, 102, 104 және 107-баптарына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы №ҚР ДСМ-293/2020 «Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді жүзеге асыру қағидалары мен пайда болу және таралу қаупі төнген кезде шектеу іс-шаралары, оның ішіндегі карантин енгізілетін инфекциялық аурулардың тізбесін бекіту туралы» бұйрығына, «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруларының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №67 қаулысына, «Шектеу карантиндік шаралары және оларды кезең-кезеңімен жеңілдету туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №68 қаулысына сәйкес, тұрғындар арасында коронавирустық инфекцияның тіркелуін ескере отырып, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Атырау облысының аумағында эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанға дейін шаруашылық және (немесе) өзге де қызметпен және халықтың тыныс-тіршілігінің ерекше жағдайларымен шектеу шаралары енгізілсін.
Шектеу іс-шараларының режимі мен мерзімдері облыс аумағында COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуы бойынша ахуалдың өзгеруіне сәйкес қайта қаралуы мүмкін.
2. Жылыой ауданының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 14 қаңтардағы №1 қаулысына сәйкес Теңіз кен орнында карантиндік және шектеу шаралары эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанға дейін ұзартылсын.
3. Вахталық әдіспен жұмыс жасайтын барлық компаниялар мен өнеркәсіптік кәсіпорындар қамтамасыз етсін:
3.1. Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қолданыстағы «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруларының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №67, №68 қаулыларының талаптарына сәйкес шектеу және карантиндік шараларды қатаң түрде жүзеге асыру;
3.2.вахтаға кірер алдында жұмысшыларды орналастыру үшін ұйымдастырылған карантиндік орындарды «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруларының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №67 қаулысының №25 қосымшасының талаптарына аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларымен міндетті түрде келісе отырып сәйкестендіру.
4. Атырау облысының тұрғындарына:
— респираторлық инфекцияның алғашқы белгілері пайда болған кезде (құрғақ жөтел, қызба, тыныс алудың қиындауы, ентігу және т.б.) медициналық ұйымдарға бармай, жедел медициналық көмектің 103 номеріне қоңырау шалу арқылы үйден медициналық көмекке жүгіну;
— қоғамдық тамақтану орындарында тамақтану кезінде әлеуметтік арақашықтықты сақтай отырып және 5 (бес) жасқа дейінгі балаларды коспағанда, қоғамдық орындарда, тұрғындардың баруына және демалуына, қызмет көрсетуге арналған орындарда, қоғамдық көліктерде медициналық немесе мата бетперделерді кию міндетті;
— 65 жастан асқан адамдарға азық-түлік, дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдарды, қажетті тауарларды сатып алуды, сондай-ақ медициналық мекемелерге баруды қоспағанда аса қажеттілік болмаса тұрғылықты жерінен шықпауға ұсыныс беріледі;
— барлық облыс тұрғындарына халық көп шоғырланатын жерлерге бармауға, әлеуметтік арақашықтықты сақтауға, бетперде кию тәртібін және жеке бас гигиенасын сақтауға ұсыныс беріледі;
5. Тыйым салынсын:
— көпшілік іс шараларды (мерекелік, ойын-сауық, көпшілік мәдени, спорттық, білім беру іс-шараларды, көрмелерді, корпоративті, форумдарды, конференцияларды, сондай-ақ отбасылық, естелік іс-шараларды (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу және т. б.), оның ішінде үйде және жаппай адамдар жиналатын өзге де іс-шараларды өткізуге;
— барлық ойын-сауық объектілерінің, банкет залдарының, жабық орынжайдағы балалар ойын аландары мен аттракциондардың (ауладағыларды қоспағанда), батуттардың, түнгі клубтардың, караоке, компьютерлік және ойын клубтарының, кальян, бильярд, боулингтердің, букмекерлік кеңселердің, мерекелерді ұйымдастыру бойынша қызмет көрсетудің, меншік нысанына қарамастан мектепке дейінгі балалар мекемелерінің (кезекші топтарды қоспағанда) қызметіне;
— бір отбасы мүшелерін қоспағанда, облыс халқы демалатын алаңдарда, скверлерде, жағалауларда, парктерде және өзге де демалатын орындарда 3 адамнан артық топталып жиналуға тыйым салынсын;
— мәдени нысандардың, жеке, топтық дайындықтарды қоса алғанда кинотеатрлардың, театрлардың, концерт залдарының қызметіне;
6. Жұмыс уақыты мен режимі бойынша мынадай шектеулер енгізілсін:
— коронавирустық инфекцияның алдын алуға және халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін эпидемияға қарсы іс-шараларға бағытталған қызметтерді қоспағанда мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор ұйымдары қызметкерлерінің кемінде 80% -ын, оған қоса жеке кәсіпкерлік қызметкерлерінің кемінде 50% — ын «қашықтықтан» жұмыс нысанына ауыстыру, «қашықтықтан» жұмыс нысанына бірінші кезекте 50 жас және одан асқандарды, созылмалы аурулары бар тұлғаларды шығару;
— жиналыстар, кеңестер, семинарлар, конференцияларды тек селекторлық режимде және бейнеконференцбайланыс арқылы өткізу, оффлайн режимде өткізбеу;
— банктердің, «Қазпошта» АҚ бөлімшелерінің, халыққа қызмет көрсету орталықтарының (бұдан әрі – ХҚКО), оның ішінде мамандандырылған ХҚКО-лардың жұмысын 9.00-ден 18.00-ге дейін ұйымдастыру. Карантин шараларын сақтау үшін ХҚКО-ға және мамандандырылған ХҚКО-ға алдын ала Egov.kz, «EgovKZBot 2.0» телеграмм-ботпен брондау арқылы бару ұсынылады;
— мемлекеттік көрсетілетін қызмет орталықтарындағы мемлекеттік кіріс мекемелерінің жұмысы жұмыс уақыты кестесін белгілей отырып ұйымдастырылсын. Карантин шараларын сақтау үшін мемлекеттік кіріс органдарына (Атырау қ. бойынша МКБ-ы) www.kgd.gov.kz сайты, E-salyq мобильді қосымшасы арқылы алдын ала брондау немесе қалған өңірлердегі аумақтық басқармаларға қоңырау шалу арқылы алдын ала жазылу бойынша халыққа қызмет көрсету ұсынылады;
— контингенті 300 оқушыға дейін қалалық және ауылдық мектептерде сыныптардағы балалар санын 25 адамнан асырмай дәстүрлі форматта оқыту;
— жалпы білім беретін мектептерде 1 сыныптан бастап 5 сыныпты қоса алғанда, халықаралық мектептерде 1 сыныптан бастап 7 сыныпты қоса алғанда, сыныптардағы балалар санын 25 адамнан асырмай аралас форматта оқыту;
— оқу бітіретін сыныптар (9, 11 (12) сыныптар) үшін аптаның 6 күні ішінде: пәндердің 70%-ын штаттық режимде, 30%-ын қашықтықтан аралас форматта оқытуға рұқсат ету (сыныпта 15 адамнан асырмай, «1 сынып – 1 кабинет» қағидаты бойынша оқыту, санитариялық-дезинфекциялық және бетперде кию режимін сақтау);
— сабақтан тыс уақытта топтарда оқушыларды жеке оқыту, балалар түзету (коррекция) кабинеттері, балаларға және ересектерге білім беру орталықтары, балаларды дамыту орталықтары, үйірмелер, балаларға арналған курстар (15 адамнан аспайтын топтар) жазылу бойынша жұмыс кестесі сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін;
— мектепке дейінгі балалар ұйымдарының кезекші топтарының (саны 15 баладан аспайтын) жатын бөлмелеріндегі кереуеттер арасындағы қашықтық кемінде 1 метр болуын сақтау;
— медициналық орталықтар, кабинеттер, стоматологиялар алдын ала жазылу бойынша;
— халықтың тұруы бойынша қызмет көрсетулер саласындағы объектілердің (қонақ үйлер, отельдер, демалыс үйлері және т.б.) толтырылуы 80% -дан аспасын;
— діни объектілер (мешіттер, шіркеулер, соборлар, синагогалар және басқалар) толтырылуы 30% — дан аспайтын және бір келушіге кемінде 5 м2 қамтамасыз ете отырып, жұмыс күндері ғана жұмыс істеуге рұқсат етілсін. Көпшілік іс-шараларды (жұма намазы, діни жоралғылар және т. б.) өткізуге тыйым салу;
— күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, азық-түлік және азық-түлік емес жабық базарлардың жұмыс күндері жұмыс кестесі сағат 09.00-ден 19.00-ге рұқсат ету, сенбі және жексенбіде жұмыс істеуіне тыйым салынады;
— күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, азық-түлік және азық-түлік емес ашық базарлардың жұмыс күндері жұмыс кестесі сағат 09.00-ден 19.00-ге дейін, сенбі күні сағат 09.00-ден 17.00-ге дейін рұқсат ету, жексенбіде жұмыс істеуіне тыйым салынады;
— сауда үйлері мен орталықтарына (павильондар, бутиктер), сауда желілеріне, азық түлік емес дүкендеріне сағат 10.00-ден 22.00-ге дейін (толтырылуы объект сыйымдылығының 30% — нан асырмай, 1 келушіге 4 шаршы метрден кем емес) жұмыс істеуіне рұқсат етіледі, олардың ішінде орналасқан азық-түлік супермаркеттері мен дәріханаларды қоспағанда сенбі және жексенбі күні жұмыс жасауына тыйым салынады.
— қоғамдық тамақтану объектілеріне сағат 09.00-ден 20.00-ге дейін (ұжымдық іс-шаралар өткізбей, 30-дан аспайтын отыратын орын орнатып, үстелдер арасындағы қашықтық кемінде 2 метр сақталуын, бір үстелде 4 адамнан артық отырғызбауды қамтамасыз етіп), фудкорттар тек жеткізу және әкетумен жұмыс жасауға рұқсат етіледі;
— сұлулық салондары, шаштараздар, косметологиялық қызмет көрсететін объектілер алдын ала жазылу бойынша (объектінің толтырылуы 1 келушіге кемінде 4 шаршы метр есебімен) рұқсат етіледі;
— спорт кешендері, фитнес орталықтар, спорттық-сауықтыру объектілері, спорт және жаттығу залдары алдын ала жазылу бойынша сағат 07.00-ден 22.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі (1 келушіге кемінде 5 ш.м есебінен толтырылуы объект сыйымдылығының 50% — ынан аспайды).
— сауналар, СПА орталықтары, бассейндер алдын ала жазылу бойынша 07.00-ден 22.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі. Сенбі және жексенбі күні жұмыс жасауына тыйым салынады.
7. қарттар мен мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған медициналық-әлеуметтік объектілерде, сәбилер үйлерінде, балалар үйлерінде, әлеуметтік оңалту орталықтарында, мүгедек балаларға арналған интернат типіндегі оқу орындарында карантин енгізілсін және санитариялық-дезинфекциялық режим сақталсын. Әлеуетті ата-аналар теріс нәтижесі бар ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық тексерілгені туралы құжатты ұсынған кезде жетім балаларды одан әрі асырап алу, қорғаншылықты, қамқоршылықты белгілеу үшін олармен кездесуге сәбилер үйлері мен балалар үйлеріне баруға рұқсат етіледі.
8. Қоғамдық көліктің жұмыс режимін сағат 06.00-ден 23.00-ге дейін, қарбалас сағаттарда қоғамдық көлік желіде максималды шығуымен, барлық есіктерін ашуымен белгілеу. Соңғы аялдамаларда қоғамдық автокөліктерге күнделікті дезинфекция жүргізуді қамтамасыз ету. Қоғамдық көліктің толтырылуы қатаң түрде отырғызу орындары бойынша болуы тиіс. Қоғамдық көлік антисептикалық құралдармен қамтамасыз етілуі тиіс, қоғамдық көлікке тек жеке қорғаныш құралдарымен (медициналық бетперделермен) кіруге рұқсат етіледі.
9. Карантиндік және шектеу шараларының сақталуын бақылау бойынша мониторингтік топтардың жұмысын жандандырсын, мониторинг кестесіне сәйкес күнделікті тексеруді және облыс әкімдігі мен санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне ақпарат беруді қамтамасыз етсін;
10. Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы қамтамасыз етсін:
— «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №67, «Шектеу карантиндік шаралары және оларды кезең-кезеңімен жеңілдету туралы» №68 қолданыстағы қаулылары талаптарының орындалуын;
— облыс бойынша Үйлестіру орталықтарының жұмысын жандандыру, карантиндік шаралардың бұзылуы туралы шұғыл хабарламалардың уақтылы ұсынылуын;
11. Атырау облысының Полиция департаментіне:
— шектеу шараларын сақтау үшін патрульдер ұйымдастырсын, егер жоғарыда көрсетілген талаптардың бұзылуы немесе орындалмауы анықталса, аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларына дереу материалдар жіберу;
12. Атырау облысының Ішкі саясат басқармасына, Атырау қаласы және аудандар әкімдеріне:
— бұқаралық ақпарат құралдары және әлеуметтік желілер арқылы қосымша қабылданған шектеу шаралары туралы халықты хабардар ету;
— халық үшін қосымша қабылданған шектеу шаралары туралы жаднамалар, оның ішінде шұғыл және апат қызметтерінің барлық қажетті байланыстарын көрсете отырып, шектеу іс-шаралары кезеңінде көшелерде қауіпсіздік шараларын, жүріс-тұрыс ережелерін сақтау туралы азаматтарға арналған нұсқаулықтарды жергілікті санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларымен бірлесіп әзірлеу;
— облыс тұрғындары арасында жұқтыру ошақтарын оқшаулау және оның таралу қаупін азайту бойынша қабылданатын шаралар туралы бұқаралық ақпарат құралдарында ақпараттық жариялау жүргізуді қамтамасыз етсін.
13. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында қызметті жүзеге асыратын Атырау облысының тиісті аумағындағы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлері қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға байланысты карантин шараларын күшейту туралы шешім қабылдауға құқылы.
14. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Атырау облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
15. Осы қаулының орындалуын бақылауды Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Г.А.Ирбатыроваға жүктеймін.
16. Осы қаулы 2021 жылғы 29 наурыздан сағат 00:00-ден бастап заңды күшіне енеді.
Атырау облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері М.Танауов