Исатай ауданына қарасты Нарын ауылының тұрғыны, көп балалы, патронат ана Рахима Мухзаруова қайрымды жандардың көмегімен баспаналы болды.
Рахима Мухзаруова қолында бір миллион теңге қаражаты барын, бірақ, бұл қаржының баспана алуға жетпей отырғандығын айтып, аудандық жастар ресурстық орталығынан көмек сұрапты. Орталықтағылар бұл өтінішті аудан жастарына: яғни, мектеп оқушылары мен студенттер біріккен «Қол созу» еріктілер ұйымының мүшелеріне айтқан.
Жастардың басын бір жерге жинап, түрлі игі шараларға себепші болып жүрген аудандық жастар ресурстық орталығының басшысы Азамат Балмурзиннің айтуынша, бұл – «Қол созу» еріктілер ұйымы өткізіп жүрген шаралардың ішіндегі ең көлемдісі.
Жаңа үйді табыстау салтанатына облыстық маслихат депутаты Әлібек Семғалиев қатысып, қайырымдылық көмек көрсеткен азаматтарға алғысын айтты. Ал, жастар Әлібек Семғалиевке ұйымның атынан алғыс хат табыстады.