«Қазақстан халық партиясы» зейнетақы мәселесін көтерді. Оның ішінде партия мүшелері әйелдер мен еркектердің зейнет жасын төмендетуді ұсынып отыр.
Себебі, дамыған елдерде зейнетке шығу жасы орта есеппен 56-ны құрайды. Бұл табысы жоғары елдерде лайықты зейнетақымен өмір сүру үшін жасалған жағдай.
Сондай-ақ, бәсекеге кабілетты экономиканың жемісі. Жиында зейнетақы жинақтарының ашықтығы тақырыбында да қозғалып, төлемдерді жақсарту бойынша қатысушылар өз ұсыныстарын орта салды.
Дегенмен, қазір зейнетке шықпаса да қордағы ақшасын тиімді жұмсау үшін бірқатар іс-шара қолға алынған. Мысалы шоттағы ақшасына үй сатып алуға немесе сырқатын емдеуге жұмсауға болады. Айта кетейік, ҚР заңнамасына сәйкес 2018 жылдан бастап әйелдердің зейнетке шығу жасына 6 ай қосылып отырады. Осылайша жылдан-жылға зейнетке шығу жасы көтерілуде.