Жайық өзені толығымен құрғап кетуі мүмкін. Мәжіліс депутаттары ҚР премьер-министрінен мәселені шешуді сұрайды. Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
.
Депутат Дүйсенбай Тұрғанов Жайық-Каспий бассейнінде су өте аз екенін, одан Қазақстанның батыс аймағының даму әлеуеті зардап шеккенін атап өтті.
Оның пікірінше, антропогендік әрекеттер Жайық бассейнінің күйінің нашарлауына әкеледі.
«Судың аз болуының салдары Батыс Қазақстан және Атырау облыстарындағы елді мекендерді сумен қамтамасыз ету проблемаларына алып келді. Өзен сағасындағы шабындықтар мен жайылымдардың шөлейттенуі байқалады. Ауыл тұрғындары жемшөп пен суару көздерінің жоқтығынан мал ұстай алмай отыр. Ғалымдардың айтуы бойынша, соңғы 15 жылда жайылмалы ормандардың деградациясы салдарынан уылдырық шашатын жерлердің ауданы 80 пайызға азайып, 958 гектардан 197 гектарға дейін төмендеді, бұл Жайық өзені және Каспий теңізінде бекіре тұқымдас балықтардың көбеюінің төмендеуіне әкелді «, — деді Дүйсенбай Тұрғанов.
Ол су кодексінің 20-бабына сәйкес 17 жыл бұрын үкіметтің қаулысымен Каспий теңізі, Балқаш, Зайсан, Алакөл көлдері мен Ертіс өзені ерекше мемлекеттік маңызы бар су объектілерінің қатарына енгізілгенін еске түсірді. Алайда ұзындығы бойынша Еуропадағы үшінші өзен болып саналатын және үш жылдан бергі орташа көпжылдық көрсеткіштерден үш есе аз болатын Жайық өзені бұл тізімге енгізілмеген.
«Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзінде Жайық өзенінің аянышты жағдайына ерекше назар аударды және су ресурстарын сақтау және ұтымды пайдалану бойынша тиісті шаралар қабылдауды тапсырды», — деп қосты Тұрғанов.
Жайық өзені толығымен құрғап кетуі мүмкін. Мәжіліс депутаттары ҚР премьер-министрінен мәселені шешуді сұрайды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
.
Депутат Дүйсенбай Тұрғанов Жайық-Каспий бассейнінде су өте аз екенін, одан Қазақстанның батыс аймағының даму әлеуеті зардап шеккенін атап өтті.
Оның пікірінше, антропогендік әрекеттер Жайық бассейнінің күйінің нашарлауына әкеледі.
«Судың аз болуының салдары Батыс Қазақстан және Атырау облыстарындағы елді мекендерді сумен қамтамасыз ету проблемаларына алып келді. Өзен сағасындағы шабындықтар мен жайылымдардың шөлейттенуі байқалады. Ауыл тұрғындары жемшөп пен суару көздерінің жоқтығынан мал ұстай алмай отыр. Ғалымдардың айтуы бойынша, соңғы 15 жылда жайылмалы ормандардың деградациясы салдарынан уылдырық шашатын жерлердің ауданы 80 пайызға азайып, 958 гектардан 197 гектарға дейін төмендеді, бұл Жайық өзені және Каспий теңізінде бекіре тұқымдас балықтардың көбеюінің төмендеуіне әкелді «, — деді Дүйсенбай Тұрғанов.
Ол су кодексінің 20-бабына сәйкес 17 жыл бұрын үкіметтің қаулысымен Каспий теңізі, Балқаш, Зайсан, Алакөл көлдері мен Ертіс өзені ерекше мемлекеттік маңызы бар су объектілерінің қатарына енгізілгенін еске түсірді. Алайда ұзындығы бойынша Еуропадағы үшінші өзен болып саналатын және үш жылдан бергі орташа көпжылдық көрсеткіштерден үш есе аз болатын Жайық өзені бұл тізімге енгізілмеген.
«Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзінде Жайық өзенінің аянышты жағдайына ерекше назар аударды және су ресурстарын сақтау және ұтымды пайдалану бойынша тиісті шаралар қабылдауды тапсырды», — деп қосты Тұрғанов.
Мәжілісмендер:
Жайық-Каспий бассейніндегі су жағдайын жақсарту бойынша қабылданған нақты шаралар туралы, оның ішінде көрші мемлекетпен бірге судың төмен проблемаларын шешу бойынша қабылданған шаралар туралы толық ақпарат беру;