Күннің күрт жылынуына орай мұздың беріктігіне күмән көбейді.
Әйтсе де Атыраулықтар қауіпсіздікке қатаң қарайтын сыңайы жоқ. Атырау облыстық төтенше жағдай департаменті мамандарының сөзінше, мұздың қалыңдығы 2-3 см — ге кеміген. Сол себептіде халықтың абай болғаны жөн дейді олар.
Жантөре ДЕМЕШОВ, Атырау облысы ТЖД бөлім бастығы
Сондай-ақ мұздағы жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында мұз үстіне шықпауға және де ата-аналар мысалы кішкентай балаларын мұзға ойнауға жібермеуге, жалғыз қалдырмауларын сұраймыз. Және де 2020 жылдың ішінде 7 адам суға кету фактілері орын алған болатын. 2021 жылдың осы күнге дейін ондай фактілер тіркелмеді.