Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Үкімет отырысында мәлімдеді.
– Жеке иммундық мәртебесі туралы ақпараты бар QR-кодтарды енгізу үшін EgovMobile отандық мобильдік қосымшасын қосу жоспарланған, ол «Ашық» медициналық қосымшасымен біріктірілген. Онда медициналық ақпараттық жүйелердегі азаматтар бойынша, оның ішінде QR-код құралдары бойынша тексеруге ұсыну үшін коронавирусқа қарсы вакцинациядан өту туралы деректер жинақталады, – деді Алексей Цой.