Атырау, Caspian Life. Басқаларға қарағанда атыраулықтардың табысы көбірек. Статистика департаменті берген мәліметтерге сүйенсек, өңірдегі орташа айлық жалақы — 377 446 теңге.
Ал сала бойынша алып қарасақ, ең жоғары жалақы — мұнай-газ қызметкерлерінде. Олар 970 мың теңгені қалтаға басады.
Ең төменгі жалақы – ауыл, орман және балық шаруашылығы жұмысшыларының еншісіне тиген, яғни — 97 829 теңге. Байқағанымыздай табыстағы айырмашылық жер мен көктей. Дәл осы мағлұмат туралы көпшіліктің пікірін білдік.