Атыраулық шенеуніктер вакцина қабылдады. Екпені бірінші болып облыс әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова салдырды.
Жалпы «Спутник-V» екпесін салу екі кезеңнен тұрады. Бүгін екпені қабылдағандар 3 аптадан кейін екінші дозасын салдыру қажет. Инфекциядан сақтанудың алғашқы қадамын облыстың бас санитары, онкологиялық диспансер мен облыстық аурухана директоры және өңірдің бас дәрігері жасады.
Олар инені медициналық тексерістен өткеннен кейін салдырды. Кейін 30 минут тынығып, әсерлерімен бөлісті.
Асхан БАЙДУАЛИЕВ, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы
Соның алғашқы қатарында тұруға өзім шештім. Өйткені өз басым ойлаймын бұл вакцинация негізіндегі біздің халықтың денсаулығына ешқандай зияндылығын алып келмейді .Бізге қайта індетпен күресуге, жоюға көмектеседі.
Басқарма басшысы атыраулықтардың 50 пайызы екпе салдырады деген үмітте. Жалпы, отандық вакцина арнайы ұйымдардан оң баға алғанға дейін ресейлік өнімді пайдалануға мәжбүрміз. Күні кеше көрші елден облысымызға 1000 доза әкелінді. Олар 6 мұздатқышта сақтаулы. Ал, бесінші ақпан күні қалған пунктерге 17 мұздатқыш жеткізіледі деген жоспар бар.