«Nur Otan» партиясынан облыстық мәслихатқа үміткерлер Томарлы ауылындағы үй-үйді аралап, сайлауалды бағдарламамен таныстырды. Жергілікті халық та ауылдағы жағдайдың жай-жапсарын жеткізіп, өз ұсыныстарын айтты. Олардың айтуынша, пандемиядан кейін жастар жұмысссыз қалып, мамандығы бойынша қызмет атқара алмай жүр. Сондай-ақ баспана мәселесі де көпшіліктің көңілін алаң қылған.
Тұрғындарды алаңдатқан тағы бір мәселе – балаларға арналған ойын алаңының тапшылығы. Жыл сайын атқамінерлерге айтылғанмен, жұмыс жеме-жемге келгенде атқарылмай қалатын көрінеді. Жиында ауылшаруашылығын өркендету жайы да қозғалды. Партиялықтар бағдарламада 2025 жылға дейін осы бағытта 156 жаңа техникалық құрал сатып алуға қолдау көрсету, шағын және орта кәсіпкерлер санын 40 мыңға жеткізу жоспарда бар екенін айтты.
Әсел ЖОЛМҰХАНОВА, «Nur Otan» партиясынан облыстық мәслихат депутаттығына кандидат
Томарлының үлкен ақсақалдарымен кездесіп жатырмыз. Жақсы қарсы алды. Көбінесе ауылшаруашылығы жайында сұрақтар көтерілді. Өте керемет кездесу болып жатыр. Жастардың дамуына жағдай жасаймыз 2021-2025 жылдар аралығында. Осы тегін білім алу мүмкіндіктерін кеңейтеміз. Жас ғалымдарды қолдаймыз.
Томарлы халқы партияның сайлауалды бағдарламасында жан-жақты қарастырылған жоспарлардың жүзеге асатынына сенім білдірді. Олар 10 қаңтар күні өтуі тиіс дауыс беруге бір адамдай қатысуға ниеті барын жасырмады. Кейін кандидаттар Ақсай, Ақжар ауылдарына барып, жергілікті халықтың мұң-мұқтажына құлақ түріп қайтты. Бастысы, ертеңгі күннің ашықтығына ел күманмен қарамайды.