Жаңаөзен қаласында инкассаторға шабуыл жасағандар қолға түсті.
Естеріңізге сала кетейік, 3 желтоқсан күні пышақпен қаруланған қарақшылар инкассаторды тонап, үш қап ақшаны үпті қылған. Онда 75 млн теңгеден астам қаражат болды. Сол мезетте банк қызметкерлерінің бірі шабуыл жасаған көлікке оқ жаудырғанымен олар ізін суытып үлгерген. Араға аптадан аса уақыт салып, бұл іске қатысы барлар қамауға алынды. Қазір тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
Алтынбек ҚАЛИЕВ, Маңғыстау облыстық ПД бастығының орынбасары
9 желтоқсан күні күдікті туралы ақпарат алынып, 10 желтоқсан күні екінші күдікті анықталып ұсталды. Күдіктінің үйінің ауласының қазандыққа көмілген өзінің бөлінген ақшасы табылды. Сол күні үшінші күдікті де анықталып, 11 желтоқсан күні 3 күдікті ұсталды. Ұрланған ақшалардың барлығы тәркіленіп алынды. Қазіргі таңда күдіктілердің барлығы уақыта ұстау изоляорына қамалды, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Полицейлердің айтуынша, пысықайлар қарақшылық шабуыл жасауды бір ай бойы жоспарлапты. Олардың үшеуі де Жаңаөзен қаласының тұрғындары. Ал қомақты қаражатты өзара бөліп алып, әрқайысысы жеке жасырып қойған.