«Нұр Отан» партиясы атынан Атырау облыстық мәслихатына кандидаттар онлайн негізде өңірдің іскер әйелдерімен кездесті.
Онда партияның алдағы уақыттарда атқаратын жұмыстары мен басты жобалары талқыға салынды. ZOOM конференциясы арқылы байланысқа шыққан іскер әйелдер партияның осы уақытқа дейінгі жұмыстарына оң баға беріп, алдағы сайлау кезінде жеңіске жетуіне тілектестік білдірді.
Сондай-ақ, партия өкілдері Қазақстандағы іскер әйелдер қауымдастығына және оның басшысы Нұрлы Тельмановаға ерекше алғыс білдіретінін жеткізді.