Италияның Ішкі істер министрлігінің экс-басшысы Маттео Сальвиниге қатысты сот отырысы басталды. Ол адамдарды заңсыз ұстағаны үшін және қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін айыпталуда.
Осыдан бір ай бұрын саясаткер сотқа дейінгі тыңдауға шақырылған. Парламенттің жоғарғы палатасындағы әріптестері одан депутаттық құқықты алып тастауға дауыс берген. Сальвиниге тағылған кінәларға қатысты оқиға 2019 жылы болған. Бір жарым жыл бұрын министрлік қызметте болған ол Аппенин жағалауындағы күзет кемесіндегі жүзден астам заңсыз мигрантты кіргізуге тыйым салған. Алайда Сиракуза қаласының соты бұл шешімді жойған.
Қазіргі уақытта әділет қарамағында сол кезеңге қатысты жүзден астам құжат бар көрінеді. Сальвиниден бөлек қазіргі премьер-министр Джузеппе Конте, Көлік министрлігінің бұрынғы басшысы Данило Томинелли және Қорғаныс бөлімінің экс-басшысы Элизабетта Тренто да сот алдында жауап береді.
Ішкі істер министрлігінің экс-басшысы соттан қоырқпайтынын бірнеше рет айтқан. Себебі, ол «ішкі істер министрлігі басшысының өкілеттігіне кіретін шекаралар қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып ел мүддесі үшін әрекет еттім» деп отыр. Сондай-ақ, судьялар өз жұмысын тыныш, әділ әрі тез атқарады деген үмітте. Бақылаушылар процесс айтарлықтай уақытқа созылуы мүмкін дейді. Қазіргі таңда Аппенин Парламентінде Сальвини билікте болған кезде көші-қон саясатына енгізілген түзетулердің күшін жою мәселесі қарастырылуда.
Euronews.com