Биыл Аяз ата мен Ақшақар әр үйдің есігін қақпайды. Пандемияның салдарынан Жаңа жыл расымен отбасылық мерекеге айналмақ. Себебі атыраулықтарға мерекелік кештерді өткізуге тыйым салынды. Сондай-ақ, қаладағы бас шыршаның жанына да жиналуға болмайды.
Әлия БЕКЕШОВА, облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бөлім басшысы
Корпоративтік іс-шараларды, әсіресе, банкет залдарында өткізуге тыйым салынған. Сондай-ақ, шырша орнатылатын Атырау мен Құлсарыдағы алаңда, басқа да аудан орталықтарында жаппай жиналуға рұқсат берілмейді.
Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментіндегілер бірнеше күнге созылатын мереке кезінде, әсіресе, Тәуелсіздік күні қарсаңында кафелер мен мейрамханалардағы тексеріс жұмыстарының күшейтілетінін ескертеді. Мониторингтік топтардың назарынан мектептер де тыс қалмайды. Білім ордасындағыларға ертеңгіліктер ұйымдастыруға, аниматорлар мен ата-аналарды шақыруға тыйым салынады.