«Nur Otan» партиясының қалалық филиалының сайлауалды штабы үгіт-насихат жұмыстарын бастады. Партия мүшелері бір ай бойы сайлаушылармен жүздесіп, олардың мәселелерін тыңдамақ ниетте.
Нұротандықтар бір күнде бірнеше кездесу ұйымдастыруды көздеп отыр. Алғашқы табан тірейтін нысандар «Атырау облысы су арнасы» кәсіпорны мен мүгедектер спорт клубы болмақ. Сондай-ақ, штаб жанынан тұрғындар үшін қабылдау кабинеті ашылды. Бұл ретте қоғаммен тікелей диалогқа басымдылық берілетіні айтылды. Бірақ аймақтағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты түзетулердің енгізілуі мүмкін.
Қаршыға ЖАУЫМБАЕВ, «Nur Otan» партиясы қалалық филиалының сайлауалды штабының басшысы
Бір айдың ішінде халықпен онлайн да, офлайн да кездесеміз. Мекемелерге кездесуге барамыз. Қолымыздан келген үгіт-насихат жұмыстарын жүргіземіз. Осы уақытқа дейін партияның істеген еңбегі, болашақ 5 жылдағы жоспарын көрсетіп, халық алдында таныстырамыз.
Партиялықтар әлеуметтік желіде барынша белсенді болып, жеке парақшаларында тікелей эфир арқылы оқырмандардың сұрақтарына жауап береді. Айта кетейік, Атырау облысының партиялық тізімі 32 үміткерден тұрады. Оның 25-і праймериз қорытындысымен, 7-і орталық партиялық квота бойынша анықталды.