Алты жыл бұрын Париждегі террорлық шабуылдарға қатысты істе айыптаушы жақ сотталушылардың көбіне қатаң жаза сұрады. Соның ішінде екі адамды өмір бойы бас бостандығынан айыруды талап еткен.
Эли Коршия, қорғаушы
Али Рыза Полатты өмір бойы бас бостандығынан айыру талабын қоғам болып күтті. Айыптаушы жақ та өз арызында ашық көрсетті. Енді 16 желтоқсан күні болатын сот шешімін күту ғана қалды.
2015 жылдың қаңтарында ағайынды Куаши «Шарли Эбдо» сатиралық журнал редакциясына шабуыл жасап, 12 адамның өмірін қиған. Шабуыл жасаған 3 қылмыскер де полиция қолынан қаза тапқан еді. Қазіргі таңда террористерге көмектескен адамдарға қатысты сот өтуде.