«Юниверсал» дыбыс жазу корпорациясы Боб Диланның барлық әнінің авторлық құқығын сатып алды. Америкалық баспасөз беттерінің хабарлауынша, 60 жыл ішінде жарыққа шыққан 600 музыкалық шығармасы бар жинақ құны 200-ден 450 миллион долларға дейін бағаланған болуы мүмкін.
Бірақ «Юниверсал» корпорациясы да, Диланның өзі де нақты соманы ашып айтпаған. Бұл сатып алу музыкалық құқық саудасының тарихындағы ең үлкен мәміле болуы да ғажап емес. Келісімде америкалық орындаушының болашақта жазатын әндеріне қатысы болмау керектігі бекітілген.
Боб Дилан 80-ге келсе де, өнер көрсетуді, гастрольдік сапарға шығуды және жинақ шығаруды әлі жалғастыруда. Оны ел тарихтағы ең танымал музыканттардың бірі ретінде таниды. Дилан – Путицер сыйлығының лауреаты, АҚШ-тың ең жоғары марапаты – Президенттің «Бостандық медалінің» иегері, сондай-ақ 2016 жылы ол әдебиет саласындағы Нобель сыйлығына ие болған алғашқы музыкант болды.