Еуропалық «Gaia» орбиталық телескопы Құс жолының егжей-тегжейлі үш өлшемді картасын жасап шығарды. Онда бір миллиард сегіз жүз мың миллионнан астам аспан денесі аса дәлдікпен белгіленген.
Телескоп орбитаға 2013 жылдың желтоқсанында жіберілген еді. Жұлдыздарды телескоп арқылы бақылау ғалымдарға аспан денелері мен жер шарының қалыптасу процесін жақсы түсінуге мүмкіндік береді.
Гюнтер Хазингре, ғалым
Біз Құс жолының тарихын зерттеп жатырмыз. Археологтар секілді өткенге үңілеміз, бірақ біз бірнеше миллиард жыл бұрынғы уақытқа, Күн пайда болмаған кезге қарай жүреміз. Осылайша, алғашқы кезеңдегі Құс жолы туралы анықтаймыз. Ол болашақты болжауға көмектеседі. Қазіргі уақытта ғарышқа ұшу қолжетімді іске айналды. Оған қызығушылық танытып жатқан ел де көп. Бір сөзбен айтқанда адамзат енді спутниктерге тәуелді.
Өткен жылдарда «Gaia» жобасының қатысушылары жұлдыздардың нақты координаты бар екі каталог жариялады. Соңғы жаңалық – соның үшіншісі. Жоба аясында мамандар Күн жүйесінің айналасындағы бірнеше аймақтың картасын дайындады. Алынған мәліметтерді пайдалана отырып ғалымдар күн жүйесінің орбитадағы қозғалыс жылдамдығы жыл сайын секундына жеті миллиметрге артып отыратынын анықтапты.