Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметіне сәйкес, Атырау облысы «сары» аймаққа енді. Кеше ғана облыстың бас санитариялық дәрігерінің орынбасары бұл күннің ауылы алыс деген еді. Алайда бір тәуліктен кейін-ақ дабыл қағатын жағдайға жеттік.
Ал санитарлық эпидемиологиялық бақылау департаментіжұмған аузын ашар емес. Ал бас санитардың орынбасары өңірдің сары аймаққа толықтай енбегенін айтып отыр. Себебі, вирустың ошағы әзірге тұтастай облысты емес, тек Теңіз кен орнында болғандықтан, карантиндік шектеулер қатаңдатылмайтын көрінеді.