Францияның экс-президенті Валери Жискар д’Эстен 95 жасында дүниеден өтті. Мұндай ақпаратты туыстары да растады.
Соңғы айларда ол жүрек ауруымен бірнеше рет ауруханаға түскен. Бірақ оның өліміне коронавирустық инфекцияның салдары себеп болған көрінеді. Жискар д’Эстен 1977–1981 жылдар аралығында президент лауазымында болды. Сол жылдары Франция мен КСРО арасында достық саясат жүрген. Ол Франция экс-президенттерінің ішіндегі ең үлкені және сол мәртебені ұзақ жылдар бойы сақтаған басшы болды.