Атырауда алаяқ әйелдің әрекеті әшкереленді. 28 жастағы тұрғын алдымен Instagram-да жаңа парақша ашып, церебралды сал ауруына шалдыққан үш жасар баланың суретін қояды. Кейін қаржылай көмек сұраған жазба жариялайды.
Бір аптаның ішінде оның есепшотына сәбиге қол ұшын созбақ болғандардан жалпы сомасы 37 мың теңге түскен. Ал жалған хабарламаны кездейсоқ байқап қалған баланың анасы дереу полицияға арыз жазады. Нәтижесінде автор табылып, мұндай құйтұрқылыққа 40 мың теңге қарызын өтеу үшін барғанын мойындапты.
Гүлназира МҰХТАРОВА, облыстық ПД баспасөз хатшысы
Тергеп-тексеру барысында күдікті азаматша аталған соманы өзіне кешірім берген баланың анасына қайтарды. Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 190-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.