Испания археологтары Сарагоса провинциясындағы Таус қаласында орналасқан 8 ғасырдағы үлкен Ислам қорымынан 400-ге жуық қабір тапқан.
Сарапшылардың пікірінше, бұл зиратта шамамен 5 000-ға жуық адам жерленген болуы мүмкін. Бұл ғалымдардың халифаттар дәуіріндегі мұсылман қауымдастығының тарихы туралы түсініктерін өзгертеді, дейді олар. Археологиялық қазба жұмыстары 2010 жылы басталды. Табылған қалдықтар ДНК талдауы мен зерттеулер жүргізу үшін зертханаға жіберіледі. Сарагоса првинциясын қамтитын Арагон автономды қоғамдастығының билігі бұл жерге инфрақұрылым жүргізетіндіктен аумақты қабірлерден тазарту туралы шешім қабылдаған.
Қазіргі таңда оларды қайта жерлеу мәселесі қарастырылып жатыр.