Армяндар тастап кеткен Таулы Қарабаққа жақын орналасқан Лачин ауданына Әзербайжан әскерлері оралды. Бұл – атысты тоқтату туралы үшжақты келісім аясында Әлиев басқаратын мемлекеттің бақылауына өткен соңғы аймақ.
Әскерилермен бірге үш он жыл бұрын осы аумақтан кетуге мәжбүр болған қарапайым халық та оралды. Армения халқының көпшілігі Лачин ауданынан кеткенде үйлерін өртеп кеткен. Басқа жерге көшпей осы жерде қаламыз деп шешім қабылдаған армяндықтар да жоқ емес. Олар осы ауданда да тыныш өмір сүре аламыз деп үміттенеді.
Ал бұл жағдайларды ресейлік бітімгерлер өз бақылауында ұстап отыр. Әсіресе, Лачин ауданы ерекше назарда. Себебі, Таулы Қарабақты Армениямен байланыстыратын жол дәл осы аудан арқылы өтеді. Келісімге сәйкес, ол жол жабылмайды.