Сенбі–жексенбі күндері Атыраудағы мұз айдыны есігін айқара ашады. Тек алдын ала жазылсаңыз болғаны. Дегенмен карантиндік режимге сәйкес бір ауысымда 40 адамға дейін коньки тебе алады. Осыған байланысты билеттік құны да артқан.
Директордың сөзінше, бағаның өсуіне басқа да себептер жетерлік.
Сағындық МЕКЕЕВ, мұз сарайының директоры
Бұрын енді 200 адамдай болса, қазір азайттық. Соған байланысты бағасын да өсірдік. Астындағы мұзды ұстап отыруға көп күш қажет. Қанша дегенмен электр энергиясын пайдаланамыз. Менің ойымша, билеттің құнын қатты көтергеніміз жоқ. Халық келген кезде касса алдында арақашықтық сақталады.
Санитария талаптарын қатаң сақтаймыз деп отырған сарай басшысы қоңырау арқылы жазылуға болатынын айтады. Алдағы уақытта билеттерді сататын сайт жұмысын бастамақ. Ал жарыс ұйымдастырылған жағдайда сырғанау уақыты кейінге шегерілуі мүмкін.