Донор елдер Ауғанстанды дамытуға алдағы 4 жыл ішінде 12 млрд доллар бөлмек. Бұл – 2016 жылы өткен Женева халықаралық конференциясында Кабулға уәде етілген қаржыдан 3 млрд. аз сома.
Оның орнына Ауғанстан демократия мен адам құқықтарын және әйелдер қоғамындағы жағдайды жақсартуы керек. Доахада өткен келіссөздерге қатысқан елдер бейбітшілік процесін де қолдады.
Вилле Скиннари, Финляндияның Сыртқы сауда және халықаралық даму министрі
Мен халықаралық қауымдастықтың атысты тоқтатуға шақыру үшін алғашқы рет осындай шұғыл біріккеніне қуаныштымын. Ауғанстан тұрғындары дәл осы шешім мен халықаралық және гуманитарлық құқық нормаларының сақталуына лайық.
Ең алдымен, балалардың құқығы қорғалу керек деген талап бар. Себебі, өткен жылдың өзінде елдегі зорлық-зомбылық салдарынан 2 000-ға жуық кәмелетке толмағандар құрбан болған. Халықаралық қаржылық көмекке қарамастан, ауған халқының 70 пайызы кедей өмір сүреді. АҚШ соңғы жылдары Ауғанстанды қалпына келтіруге бағытталған 19 млрд. доллардан астам қаражат алаяқтық, ысырапшылдық және асыра пайдалану кесірінен ауаға ұшқанын айтты.