Қырғызстан сыншылары парламент ұсынған жаңа Конституция жобасы президент билігін күшейте ме деп қауіптеніп отыр. Бұл туралы Азаттық радиосы хабарлады.
Президент міндетін атқарып, билікті басып алуға тырысты деп айыпталған Садыр Жапаровтың бастамасымен жасалған Конституция жобасы 17 қарашада жарияланды. Депутаттардың 80 пайызы қолдаған жоба президенттің өкілетін кеңейтіп, атқару органдарында Халық құрылтайы атты жаңа орган құруды қарастырады. Оған парламент пен үкімет есеп беруге тиісті болады. Сондай-ақ, парламенттегі депутаттар санын 120-дан 90-ға дейін қысқарту ұсынылған. Ал үкімет тікелей президент пен президент әкімшілігіне бағынады.
Ел басшысының ресми өкілі Нургазы Анаркуловтың айтуынша, жарияланған жоба мәтіні тағы өзгеруі мүмкін. Бірі Қырғызстанға «көшбасшы» керек, сол себепті де жаңа заңды қолдаймыз десе, енді бірі оның негізгі мақсаты «президенттің абсолют билігін» қалыптастыру деп жобаны сынға алған.