Қант диабеті – қазіргі замандағы өзекті мәселердің бірі. Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының мамандары осы бір дерттің алдын алу мақсатында тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.
Алуа СЫРАЛИЕВА, СӨСҚО атқарушы директоры
Қазіргі онкүндік аясында кез келген адам өзі тіркелген емханаға барып қанындағы қант құрамын ақысыз негізде біле алады. Қант диабетінің алдын алмаса, өзге де аурулар туындау мүмкін. Ал дертке шалдықпас үшін, біріншіден, тәтті тағамды азайтып, ішімік секілді зиянды өнімдерді тұтынудан сақ болып, қозғалыс жағын белсендету керек. Яғни, салауатты өмір салтын ұстанған абзал.
Еркінқала дәрігерлік амбулаториясына тіркелген 14 мың адамның 200-і қант диабетімен ауырады, оның төртеуі – бала. Елдімекен тұрғындары аурухана есебінде тұрған науқастардың қажетті дәрі-дәрмекпен толықтай қамтылып жатқанын айтады.
Акция барысында орталық мамандары созылмалы ауру туралы сабақтар жүргізді. Кездесуде денсаулықты күту жолдары айтылды.
Гүлшат МЫРЗАБАЕВА, терапевт
Биыл скрининг барысында жеті адам есепке алынды. Оның біреуі – бала. Балалардың көбі қант диабетінің бірінші типімен ауырады. Сондықтан оларға мүгедектік рәсімделген. Осы жылы қант диабетімен есепте тұрған барлық науқас дәрі-дәрмекпен түгелдей қамтамасыз етілді.
Қарашаның 4-і мен 14-і аралығында аурудың алдын алу мақсатында республика көлемінде он күндік акция өткізілуде. Оның аясында ауруханаға келушілер тегін кеңес алып, қант деңгейін тексерте алады.