Атыраудан Нұр-Сұлтанға бағыт алған ұшақ апатты жағдайда Атырауға кері қайтты. SCAT әуе компаниясының көлігі портқа он екі минуттан кейін қайта қонды.
115 жолаушысы бар әуе кемесінің бір топ құсқа соғылуы төтенше жағдайға ұрындырған.
Әлібек АЙТАНОВ, жолаушы
Бір мезетте түтін шықты, турбинадан ұшқын көрінді. Сосын ұшақ шайқала бастады. Әуе кемесінің ішінде нағыз дүрбелең басталды, жолаушыларды тыныштандыру оңай болмады. Бар дұғамызды тілеп, жалбарындық. Жерге әрең қондық.
Барар жері болмаған жолаушыларға уақытын әуежайда өткізуге тура келді. Жатын орынды айтпағанда оларды ауыз су мен ыстық тамақпен қамтамасыз етудің өзі түннің бір уағына дейін мүмкін болмады. Куәгерлердің сөзіне сенсек, компания қызметкерлері төтенше жағдайға мүлдем дайын болмаған.
Бірнеше сағаттан кейін рейс жолаушылары қаладағы қонақүйлердің біріне орналастырылды. Ал компания өкілдері оқыс оқиғаға дайындықтарының нашарлығын түсіндіре алмады.
Виктория СТАРОЖИЛОВА, SCAT әуекомпаниясы АҚ бөлім басшысы
Әуеге көтерілу кезінде ұшақ бір топ құспен соқтығысты. Қаз бен үйрек деп болжап отырмыз. Өкінішке қарай, мұндай жағдайлар әуе қатынасы кезінде жиі орын алады. Әуе коммандирі Иван Карпұлының кәсібилігінің арқасында еш қиындыққа тап болмай жерге қонды. Енді сол ұшқышқа марапат ұсынуды жоспарлап отырмыз.
Айта кетейік, ҚР Әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Заңының 86-бабына сәйкес, әрбір жолаушыға билеттің толық құнын қайтаруға, оларды салқын сусын мен ыстық тамақпен қамтамасыз етуге, әуежайдан тегін қонақ үйге дейін және кері қарай көлікпен жеткізуге кепілдік берілген.