13 жыл бойы қос азаматтықпен жүрген атыраулыққа 500 мың теңге айыппұл салынды. 57 жастағы әйел 1998 жылы Ресей азаматына тұрмысқа шығып, сол жаққа қоныс аударған. 2007 жылы көршілес елдің азаматтығын қабылдаған ол бұл жөнінде елшілікке немесе ішкі істер органдарына хабарламады.
Сондай-ақ, осы уақытқа дейін ҚР азаматының жеке куәлігін тапсырмай, ел аумағына бірнеше рет келіп, Ресей Федерациясының паспортымен шыққаны анықталды.
Гүлназира МҰХТАРОВА, Атырау облыстық ПД баспасөз хатшысы
Құрманғазы аудандық полиция бөлімі азаматшаға қатысты ҚР ӘҚБтК 496-бабының 2-бөлігі ҚР заңнамасында белгіленген мерзімдерде шетел азаматтығын алу фактісін хабарламау бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, 200 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды.