Студенттер қалаған әдебиетті оқып және оны ұстаздарымен талдауға мүмкіндік алды. Сафи Өтебаев атындағы АтМГУ қабырғасынан кітапқұмар жастардың басын біріктіретін «Зейін» оқырмандар клубы ашылды.
Университет ректоры мұндай бастаманың тек жақсылыққа жетелейтініне сенімді.
Гүлзада ШАКУЛИКОВА, С.Өтебаев атындағы АтМГУ ректоры
Ата-анам менің кітап оқуға деген махаббатымды оятты. Бұдан артық қандай тәрбие керек?! Бұл бастама біздің профессорлық құрамның ниетімен қолға алынды. Біздің қазіргі жетістігіміз кітап оқығанымыздың арқасы деп сенімді түрде айта аламын. Сондықтан жастар оқуды, тануды және өмірді сүюді кітап арқылы сезінсе дейміз.
Қазір клуб 50 шақты оқырманды жинап үлгерген. Жауаптылардың сөзіне сенсек, жоспар бойынша маңызды әрі қызықты 10 кітаптың тізімі жасақталған. Студенттерге бір туындыны аяқтау үшін 20 күн беріледі, әрі қарай білікті мамандармен талдайды. Ал білім нәрімен университет басшылығы қамтамасыз етеді.