Атырауда заңсыз ойын бизнесі тоқтар емес. Жыл басынан бері экономикалық тергеу департаменті 6 жағдайға тосқауыл қойған. Ішінде жасырын казино да бар. Әйтсе де, бұл көрсеткіш былтырғымен салыстырғанда екі есе аз.
Өңірде қаржы пирамидасының ісі өрге жүзіп тұр. Оның аясында төрт құқықбұзушылық тіркелген.
Қаһарман ЖӘРДЕМОВ, Атырау облысы экономикалық тергеу департаментінің басқарма басшысы
Олар оқыған, сауатты, әлеуметтік желіні қолданады. Сол арқылы адамдарды сендіреді, жарнаманы жақсы жасайды. Сол себепті, неше түрлі айлаға барып, адамдарды қармағына оңай түсіреді.
Облыстық экономикалық тергеу департаменті былтыр 89 қылмысты ашса, биылғы 10 айда 80-не тосқауыл қойған. Жалпы, тергеу жұмыстарының нәтижесінде мемлекеттік қазынаға 2019 жылдан бері 2,8 млрд. теңге өндірілген.