«Эта» тропикалық дауылы Кубаға жетті. Табиғи апат аралдың орталығында орналасқан Камагуэй провинциясына жақындаған. Желдің жылдамдығы сағатына 100 шақырымға жетеді.
Бұған дейін Орталық Американың 6 елі «Эта» дауылынан зардап шеккен. Ондаған адам қаза тауып, жүзден астамы хабар-ошарсыз кеткен. Тұрғындар әлі күнге дейін су тасқынының салдарымен күресіп, қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуде.
Жапа шеккендердің нақты саны белгісіз. Себебі, бірнеше ауыл көшкін астында қалып, тағы бірқатарында байланыс үзілген. Мыңдаған адам қауіпсіз жерге көшірілді. Олар үшін билік уақытша орналасу пункттерін ұйымдастыруда.
Орталық Америкада көтеріліп басылған дауылдың екпіні әлсірей бастаған болатын. БІрақ теңізге жеткеннен кейін қайта күшейген. Метеорологтардың болжауынша, дауыл үлкен күшпен Флоридаға дейін жетуі мүмкін.