Іс-шара барысында айыппұл төлемей жүрген 192 көлік иесінің 14 млн теңге көлеміндегі төленбеген айыппұлы анықталып, автокөліктері айып тұрағына қойылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Патрульдік полиция қызметкерлері тек қана бір тәулік ішінде айыппұл төлемей жүрген сегіз автокөлікті анықтап, арнайы тұраққа қойды. Іс-шара барысында полиция қызметкерлері Атырау қаласы С.Датұлы көшесінде ресейлік нөмірмен жүрген Audi a6 автокөлігін тоқтатып, құжаттарын тексеру барысында көлік иесінің 500 040 теңге көлеміндегі айыппұлын төлемей жүргенін анықтап, автокөлік айып тұрағына жеткізілді.
Бұдан басқа айыппұл төлемей жүрген 192 көлік иесінің 14 млн теңге көлеміндегі төленбеген айыппұлдары анықталып, автокөліктері айып тұрағына қойылды. Айыппұлды уақтылы төлемеген 153 автокөліктің 135-і – ресейлік нөмірмен жүрген автокөліктер, 18-і Армения Республикасында тіркелген боп шықты.
Полиция қызметкерлері Атырау қаласының тұрғындары мен қала қонақтарына әкімшілік айыппұлдарды уақтылы төлеп, төлем түбіртектерін Нұрсая ықшамауданында орналасқан Әкімшілік полиция бөліміне тапсыру қажет екенін еске салады.