Индер ауданында «Атырау-Ақпарат» ЖШС серіктестігінің басшысы, сондай-ақ, «Атырау» және «Прикаспийская коммуна» газеттерінің бас редакторлары қатысқан кездесуде айтылды.
Медиахолдинг директоры оқырманның басты құндылық екенін жеткізіп, онлайн жазылудың тиімділігіне тоқталды.
Ысқақ ЕГЕМБЕРДИЕВ, «Атырау-Ақпарат» ЖШС директоры
Бүгінгі таңда «Атырау-Ақпаратқа» қарасты жеті аудандық, екі облыстық газет бар. Тың жобалар да басталып жатыр. Жаңа жылдан бастап онлайн жазылу қолға алынады. Онлайн жазылудың артықшылығы кез-келген оқырман интернеті бар жерде отырып онлайн жазыла алады. Әрине, оның бағасы қолжетімді болмақ. Бір айға – 150 теңге. Сіз қалаған айыңызға жазыла аласыз. Оған белгілі бір шектеу жоқ.
Өңірдегі аға басылымдардың редакторлары шығармашылық ұжымдардың бүгінгі тыныс-тіршілігін, сондай-ақ, болашақ жоспарлармен таныстырды. Медиа-серіктестіктің тың бастамасы ретінде басылымға баламалы жазылуды ұйымдастыру қолға алынған. Биылдан бастап бұл үрдіс Индер аудандық «Дендер», Махамбет аудандық «Жайық шұғыласы» газеттерінде пилоттық жоба ретінде жүргізіледі.
Осылайша, әр оқырман өзіне қажетті басылымдарды екі есе төмен бағамен жаздырып алады. Ал газеттердің дер кезінде жеткізілуіне серіктестік өзі жауапты. Кездесуде журналистердің әлеуметтік жағдайын жақсарту бағытында бастамалар да көтерілді.