Қазақстанда өткен тәулікте 268 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталды. Бұл туралы coronavirus2020.kz хабарлады.
Оның ішінде төртеуі – Атырау облысынан. Сондай-ақ, өткен тәулікте өңірде 4 адам аталған инфекциядан емделіп шықты.
Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 111 100-ге жетсе, оның 106 059-ы ауырудан жазылып шықты.
Соңғы тәулікте Маңғыстау облысынан коронавирус жұқтырған науқас тіркелмеді.