Оқушылар екінші тоқсанда дәстүрлі оқу жүйесіне көшеді. Бұл туралы Премьер-министр Асқар Мәмин қауіпті індеттің таралуына жол бермеу мақсатында құрылған ведомствоаралық комиссияның отырысында мәлімдеді.
Негізгі талап – барлық мектепке 300 оқушыға дейін келуге рұқсат етілмек. Санитариялық-дезинфекциялық режим бойынша бетперде тағу мен әлеуметтік арақашықтықтың сақталуы міндетті. Сондай-ақ, ата-аналардың өтініші бойынша енді кезекші сыныптарға 5-ші, ал халықаралық мектептерде 7-сыныптың шәкірттері бара алады.
Жуырда оқушылардың күзгі демалысы басталады. Бұған дейін тек бір жұма болып келген күзгі каникул ұзартылған еді. Енді оқушылар келесі айдың бесі мен 14-і аралығында сабақтан босатылмақ.