Атырауда Қазақ кеңестік автономиясы құрылуының 100 жылдығына орай ұлттың тұңғыш математигі, ғұлама ғалым, қоғам қайраткері «Алаш» партиясының негізін қалаушылардың бірі – Әлімхан Ермековтың өмірбаянына арналған кітаптың тұсауы кесілді.
Шара қонақтары алаштың ақырғы ақиығы атанған арыстың тозбас туындыларын еске алды. Тарихшы Жанна Қыдыралина қазақ халқының саяси сауаттылығын арттырған тұлғаның өмір жолымен танысу тарихи сәттермен тоғыстырады дейді.
Жанна ҚЫДЫРАЛИНА, тарихшы
Әлімхан Ермековтің есімі халықтың есінде тарихи сәттермен сақталған. Сондай-ақ, ол – көпқырлы жан. Тек кеңес кезіндегі қазақ партиясының құрылуына емес, мәдениетіне де мол үлес қосты.
Жазықсыздан жала жабылып, қуғын-сүргінде жүрсе де, ұлттық кескін-келбетін жоғалтпаған алаш ардақтысы келешек ұрпақтың есінде мәңгі қалмақ.