Соңғы уақытта дәрігерлер көмегіне қан қысымы күрт жоғарылауы себепті жүгінетіндердің саны артқан. Солардың бірі – Күлбағида Лутова . Зейнеткер бірнеше жылдан бері артериялық гипертензия диагнозынан ем қабылдап жүр.
Күлбағида ЛУТОВА, емделуші:
Жүрек пен давление сол. Екі үш жыл болды емделгеніме. Жаман емеспін қазірде осы. + Емхана жағынан тегін етіп жатырғо. Түсіретін апараттарға болса өздерінің ішінде болып жатырған жағдайда тегін түсіреді.
Пандемия салдарынан бұл дертке 30 бен 45 жас аралығындағылар жиі шалдыға бастаған. Осыған байланысты №1 емхана мен Салауатты өмір салтын сақтау орталығының ұйымдастыруымен «Артериялық гипертензия денсаулық мектебі» акциясы ұйымдастырылды. Дәрігерлердің сөзінше, артериялық қан қысымының өзгерісіне жүйке жүйесінің зақымдалуы себеп.
Зина ҚОБЫЛАНОВА, кардиолог:
Аурудың алдын алу үшін салауатты өмір салтын ұстану керек, дұрыс тамақтанып, спортпен шұғылданған абзал. Карантинге байланысты жұрттың жүйкесі жұқарып, стрессті бастан кешуде, сондықтан қан қысымы түсіп кетіп жатыр.
Сәния МУСИЕВА, СӨСҚО үйлестірушісі
Ем қабылдаушылардың арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Әлбетте, денсаулықты сақтау жолдары бәріне таныс. Біз тек сол талаптардың орындалғанын қалаймыз. Алкоголь өнімдері мен темекіден бас тарту арқылы аурудан алшақ жүруге болады.
Жоғары қан қысымы, қандағы қант мөлшерінің көбеюі, бүйрек аурулары, инфаркт пен инсультке әкелуі мүмкін. Сондықтан ұйымдастырушылар осындай шараларды жиі өткізу арқылы денсаулыққа немқұрайлы қарамауға шақырады.