Елімізде қазанның соңғы жексенбісінде әлеуметтік қызметкерлердің кәсіби мерекесі тойланады. Осы орайда Мақат ауданында сала қызметкерлеріне арналған салтанатты кеш өтті. Ең өзекті құрылымда аянбай еңбек етіп жүргендер марапатталып, сый-құрметке бөленді. Шара барысында аудан әкімі Шәкір Кейкін қызметкерлерді төл мерекемен құттықтап, ерекше белсенділігімен көзге түскендерін облыс, аудан әкімінің және облыстық, аудандық мәслихат хатшысының алғыс хаттарымен марапаттады. Сондай-ақ, аудандық мүгедектер қоғамының төрайымы құттықтау сөз сөйлеп, қамкөңіл жандарға қол ұшын созып жүргендерге алғыс білдірді.
Шәкір КЕЙКІН, Мақат ауданының әкімі:
Халықтың көптеген бөлігі әлеуметтік сала бойыша, облыстық деңгейде, республикалық деңгейде көтеріліп жатыр. Әртүрлі көмектедің барлығына уақыттарыңызды тауып, уақытпен санаспай жауап беріп жатрсыздар, түсіндіріп жатрсыздар. Көпдеген қарттармызға әлеуметтік сала қызметкерлері көмектесіп жатырсыздар, мүмкіндігі шектеулі жандарға көмектесіп жатырсыздар. Алдағы уақытта да осындай жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін.
Бұл кеште мерейі үстем болғандардың қатарында доссорлық Бибігүл Қанатбаева да бар. Әлеуметтік қызмет көрсету саласында 19 жыл тер төккен ол бүгін мүмкүндігі шектеулі 7 балаға қамқорлық көрсетеді. Бұл — темірдей төзімділік пен үлкен жүректі талап ететін іс. Сондықтан әлеуметтік қызметкер болу әсте оңай емес.
Бибігүл ҚАНАТБАЕВА, әлеуметтік қызметкер:
Бүгінгі кәсіби мерекеміздің аясында аудан әкімі біздің еңбегімізді елеп, алғыс хатпен марапаттап жатыр. Осы салада еңбек етіп келе жатырғаныма 19 жыл болды. Мүмкіндігі шектеулі балаларға үйден қамқор көрсетемін. Осындай қамқорға зәру жандарға әрқашанда көмек көрсетуге дайынбыз.
Бүгінде зейнетінен бейнеті көп салада аудан бойынша 12 маман жұмыс істейді. Өңірде аталмыш қызметке мұқтаж өңірде 50-ге жуық тұрғын бар.