Жылыойда онлайн дәріс беру сапасы оң нәтиже беріп келеді. Бұл жөнінде «Нұр Отан» партиясы Жылыой аудандық филиалының сайлауалды бағдарламаға бағытталған желілік кестеге сәйкес өткізген арнайы кездесуінде айтылды. Карантин қашықтан білім алуға мәжбүрледі. Дегенмен әлі күнге дейін оны игере алмай жатқандар бар. Оған себеп көп, бірі – әлеуметтік жағдайдың төмендігі. Бұл тұрғыда «Бақытты отбасы» жобасының көпбалалы және тұрмысы төмен отбасыларға көрсеткен көмегі көп.
Шынаргүл ТЕМІРБАЕВА, «Нұр Отан» партиясы Жылыой аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары:
Біздің желілік кесте бойынша 170 шара жоспарланып отыр. Соның алғашқысы бүгін өтуде. Онлайн жүйеде дәріс беру. Осы бағытта қалай жұмыс жасау бағыттарын көрсетіп айтып жібердік. Жалпы біздің ауданда көпбалалы 82 мың халықтың ішінде, 2500 көпбалалы отбасы бар, осының қазір 1929 на 50 мың теңгеден филиалдың жанынан көмектер беріліп отыр.