«Нұр Отанның» Атырау облысындағы бас ғимаратында партияішілік сайлаудың алғашқы кезеңі қорытындыланды. Қарашада басталатын келесі іріктеу алғашқы кезеңдегідей үміткерлер арасындағы пікірсайыс түрінде өтпек. Мұнайлы өңірде партия мүшелерінің 94 проценті дауыс берген. Бұл – республика бойынша ең жоғары көрсеткіш,- дейді нұротандықтар.
Нұрлыбек ОЖАЕВ, «Nur Otan» партиясы АОФ төрағасының бірінші орынбасары:
Соңғы этаптарын қайта жаңғырту кезеңдерін өткізіп жатырмыз. Оның ішінде праймериздің 2-3 кезеңдері осы қараша айының басында өткіземіз деп жоспарлап жатырмыз. Екінші кезенің негізін қалайтын Атырау қалалық коонференциясы. Сондай-ақ аудандық 7 коонференция.
Брифингте «Біргеміз» қоғамдық қорының халықтың әлеуметтік осал тобына беретін жәрдемақысы да талқыға түсті. Ел күткен елу мың теңге жеті санат бойынша анықталған жалпы саны 24 мыңға жуық азаматқа берілген. Ал бесінші кезеңде қаржылай көмекке 4300 отбасы ілікті. Дегенмен тұрғындардың наразылығы бұл жолы да байқалған. Нұрлыбек Ожаев аталған жәрдемнің жағдайы тым төмен отбасыларға ғана көрсетілетінін тағы бір мәрте айтты.
Нұрлыбек ОЖАЕВ, «Nur Otan» партиясы АОФ төрағасының бірінші орынбасары:
Бұл жерде алып қашпа әңгімелер болуы мүмкін. Әркімде әртүрлі алып қашпа әңгімелер болуы мүмкін. Жаңағы біздер неге алмаймыз. Біз де тиесіліміз оны арыз жазып я болмаса әр түрлі әлеуметтік мемлекеттік органдар болсын болмаса біздің партия филиалдарын арызданып жүрудің қажеттілігі жоқ. Біздерде қолымызда мемлекеттік органдардың осы азаматтар туралы барлық әлеуметтік жағдайларының деректері бар.
Ал жағдайы төмен бола тұра, мемлекет қамқорлығына жүгінбегендер әлеуетіне қарай тиісті орындарға тіркелді.