Өткен аптада Мақат ауданында екі өрт оқиғасы тіркелді. Тілсіз жаудың біріне доссорлық тұрғынның салғырттығы себеп болды. Үй ішінде шылым шегемін деп көрпе-төсенішін қызыл жалынға ораған ол өрт қауіпсіздігі сақтамағаны үшін ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 410-бабының 1-тармағымен әкімшілік жазаға тартылды.
Сондай-ақ, Мақат кентінде де ашық қорадағы 50 түк шөп отқа оранып, соның салдарынан үй иесінің бетін 1-2 дәрежелі күйік шалды. Осындай оқыс оқиғалар қайталанбас үшін ауданда кезекті рейд шарасы ұйымдастырылды. Төтеншеліктер жергілікті жұртқа жадынамалар таратып, тілсіз жаудың алдын алу амалдарын түсіндірді.
Аслан КАМАЛОВ, Мақат ауданы ТЖБ бастығы
Жылыту маусымында өрттердің және өрттен адамдардың қаза болуын, табиғи және көмірқышқыл газына улану жағдайларының алдын алу мақсатында, бүгін тұрғын секторда үгіт-насихат жұмыстарын жүргізудеміз. Рейдік шара аудандық өрт сөндіру бөлімі, жергілікті атқарушы органдардың, газ, полиция қызметкерлері және волонтерлармен жүргізілетін болады.
Жалпы ауданда жыл басынан бері 8 өрт оқиғасы тіркелген. Оның бесеуі автокөлікте, үшеуі тұрғын үй секторын да орын алды. Бір қуантарлығы, бұл көрсеткіш өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 3 оқиғаға аз.