Баспана иелерінің бас қатырған мәселесі – пайыздық үстеме ғана. 800 адамның қолы қойылған шағымды ұстаған ақтаулық тұрғындар облыс әкімдігіне барды. Несиеге алған пәтерлерінің келісім-шарттағы пайыздық үстемесі 10 процент болатын олар мұндай төлем жасаудың ауыр жүкке айналғанын айтады. Оның үстіне, пандемияның басталғаны «жығылғанға – жұдырық» болған көрінеді.
Айтбибі СӘДУАҚАСОВА, Ақтау қаласының тұрғыны
Менің пәтерім 3 бөлмелі 90 кв м. Бастапқы бағасы 19 млн тг. Соны жылдық 10% алдық. 13 жылда 28 млн тг болады. Сонда кв м- 311 мың тг Сапа да сай емес, коммуналдық жағынан да сай емес. Соған наразымыз. Үстіндегі 10% алып тастаса деген үміт, шағымданымыз сол.
Күләш БЕРКУТОВА, Ақтау қаласының тұрғыны
Пандемияға байланысты көптеген отбасы жұмыссыз отыр. Сондықтан ай сайынға төлемақыны жеткізе алмайды. Үйде инвалид балам бар, инвалид жолдасым бар. Өте ауыр жағдайдамыз.
Шаһардың 32 «А» ықшамауданында қаз-қатар тізілген зәулім үйлер осыдан бір жыл бұрын пайдалануға берілді. Халық баспанаға бас сұқпай жатып ғимараттың сапасы сын көтермейтініне көз жеткізген. Қабырғалары жұқа әрі ылғал, жылумен қамтамасыз етілуі нашар. Оның үстіне, коммуналдық төлемдегі заңсыздықтар да көпшіліктің ашуын туғызған.
Айтбибі СӘДУАҚАСОВА, Ақтау қаласының тұрғыны
Пломба қойылады счетчиктерге содан кейін төлейсіңдер деді. Уведомление әкеліп тұр үйімізге. Әркімге әртүрлі. Маған 101 мың тг келіп тұр. Құрылыс жүргізген қызметкерлердің тұрған уақыты, өзіміздің 6 ай біздің уақыт бар соны общий бөліп тастаған.
Қазір барлық пәтер «Самұрық-Қазынаның» балансында тұр. Соның салдарынан, тұрғындар үй салығын жеке тұлға емес, заңды тұлға ретінде төлеуге мәжбүр. Қалтасы қағылған ел осының бәрінен араша сұрайды.
Серік ГУСМАН, Ақтау қаласы әкімінің орынбасары
Мәселе қаралып жатыр. Қала әкімдігінің құзырына түсті. Екі жақты шақырып, жиналыс өткізіп, сөйлесіп, жолын іздеп заң аясында қарастырамыз
Көпшілік «Самұрық-Қазынаға» өтініш айтып, бірнеше рет ресми хат жолдағанмен, жауап берілетін түр байқалмайды. Енді олар пандемия кезінде мемлекет тарапынан жолға қойылған жеңілдіктер ипотекалық төлемдерге де жасалса деген жарым үмітпен таң атыруда.