Сұлтан Бейбарыс көпірінің астында ойнап жүрген 7 жасар бала суға құлап кеткен. Ағыспен бара жатқан бүлдіршінді 52 жастағы Асанәлі Тасқалиев бірінші байқап, ажалдан құтқарған. Сол жерде алғашқы жәрдем көрсеткен жігіт ағасы балақайдың бағы бар екенін айтады.
Жеткіншектен өмір белгісі білінгенннен кейін, сол жердегі азаматтар оны жолай өткен көлікпен №5 емханаға жеткізген. Ал мамандар мұндай оқыс оқиға қайталанбас үшін ата-аналардан балаларын қараусыз қалдырмауын сұрайды.
Самат ҚҰМАШЕВ, Атырау облысы ТЖД жедел құтқару жасағының басшысы:
Ендігі көтеріліп мәселе ата-аналар осылай балаларды қараусыз қалдырып осындай төтенше жағдайлар немесе балалрды қараусыз қалдырған жағдайда ата-аналарға айыппұл салынуға жұмыстанып жатыр. 2:01 Қазіргі уақытта төтенше жағдай департаментімен бірлескен рейдтік шара кезінде 364 бап бойынша жазғы кезеңде суға түсуге болмайтын суға түскен азаматтар айыппұл төленді. 40-шы бап бойынша 12 адам айыппұл төлеп отыр.
Дәрігерлердің сөзінше, қазір бүлдіршіннің жағдайы бірқалыпты екен. Ал абайсызда Ақ Жайыққа күмп еткен балақайдың ата-анасына айыппұл салынбаған. Есесіне, баланы үнемі бақылауда ұстау керектігі туралы ескерту айтылды.
Жыл басынан бері облыс бойынша 27 азамат судан ажал құшқан. Ал оның төртеуі – кәмелеттік жасқа толмағандар. Мамандар көбіне қараусыз балалар тілсіз жаудың құрбанына айналады дейді.
Жарқынай ҚАНАТОВА